KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Өскеменге жақында 21 дәрігер келеді

Фото: ашық дереккөз

29.05.2023, 15:03 4 840

Олардың барлығы баспанамен қамтамасыз етіледі.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен өткен жиын барысында айтылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кеңесте облыс орталығында дәрігерлердің тапшылығы 107 бірлікті құрайтыны айтылды. Мұнда мамандар жұмыс істеуге келу үшін оларға ең бірінші жағдай жасау керек – атап айтқанда, баспана бөлу керек.

Өскеменде жұмыс істеуге жоғары білімі бар 21 дәрігер келісім берді. Олардың кейбіреулері үшін 28-ші ауданда үйлер дайын, ал басқалары баспана таңдайды. Осылайша, олар келіп жұмысқа кіріскенде, дәрігерлер тапшылығы бестен біріне азаймақ.

«Ауылдық жерлерде медицина қызметкерлерінің тапшылығы 39 бірлікті құрайды, онда жұмыс істегісі келетіндердің барлығы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі», – деп айтылды кеңесте.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу