KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
444.14 477.05 4.85

Елімізде 2026 жылға дейін 400-ге жуық мектеп салынады

24.02.2023, 10:18 325 Ләззат Қанатқызы

«Жайлы мектеп» жобасы аясында 2026 жылға дейін 842 мың оқушыға арналған 400-ге жуық мектеп салу жоспарлануда.

Өткен жылы 540-тан астам білім беру және қосымша білім беру нысандары, оның ішінде 150 мыңнан астам оқушыға арналған 250-ден астам жаңа мектеп ашылған, деп хабарлайды Altyanews тілшісі.

2022 жылы 4,5 млн-нан астам бала (93%) түрлі шығармашылық, зияткерлік, спорттық іс-шаралармен, сауықтырумен және әлеуметтік шаралармен қамтылды.

Өткен жылы 1 100-ден астам жаңа спорт, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары ашылды. Олардың арасында жақын қашықтықтағы өте сұранысқа ие спорт инфрақұрылымы – спорт сарайлары ғана емес,  ауладағы спорт алаңдары, тұрғын үйлердегі шағын спорт залдары бар.

Сонымен қатар, тегін ыстық тамақпен қамтылған жасы кіші мектеп оқушыларының саны 10 пайызға ұлғайтылды. Мектеп асханалары мен жуынатын бөлмелердің сапасына қатысты өзекті мәселе де шешілуде.

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Ұлттық қор – балаларға» бағ­дарламасын іске асыру тетіктері әзірленуде. Оның аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызы кәмелетке толмағандардың әлеуметтік жинақ шоттарына аударылатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив