Қ.Қайсеновтің мерейтойына орай треккинг өтеді – Ұлан ауданы

Шартты сурет
23 сәуір күні Ұлан ауданында Қызылтас тауына жаяу шығу (треккинг) ұйымдастырылады.
Аталмыш ерекше шара Халық Қаһарманы, жерлесіміз Қасым Қайсеновтің 105 жылдық мерейтойына орай #Ұланыммақтанышым атты челлендж аясында өткізілгелі отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Іс-шара арнайы даярланған алаңда өтеді. Спортшылардың ыңғайлы киім үлгісі болу керек және треккинкке қажетті құрал-жабдықтары (әр қатысушыда) болу керек", делінген хабарламада.
Қосымша ақпарат алу үшін «Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ 8/72338/28-049 және 8/72338/27-155 байланыс телефондары бойынша хабарласуға болады.