KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Қаңғыған иттер қалалық аурухананың кезегінде тұр

22.02.2019, 03:52 168

Өскемендегі мамандандырылған медициналық орталықтың ауласында қаңғыған иттер қаптап жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.



Әуелі ақ қарға аунап асыр салып жүрген 10-15 итті көргенде «бұл не думан?» дедік. Одан кейін «біреу тойға айналғанда, біреу қойға айналады» дегендей, дүрмекке қосылмай жол торып жүрген мына екі «қарақшыны» көргенде тіксініп қалдық.




Кеше ғана облыста үш мыңнан астам, нақтырақ 3258 адамды ит қауып, емханаға түскені туралы жазғанымыз еске түсті. Сонда жаңа жыл басталғалы бері 250 адамның осындай фактімен дәрігерге келіп жүгінгенін де келтіргенбіз. Мынау иттерді бұлайша еркінсітіп қоя берсек, алдағы үш маусымда былтырғы санға да жетіп қалатын сыңайлымыз. Құдай сақтасын!


Осы орайда кешегі мақаламыздағы қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті қызметкерінің сақтандыру сөзін қайталасақ дейміз. «Иттің қапқанынан ғана емес, сілекейінен де ауру жұғады. Ондай жағдай болып жатса, дереу дәрігерге қаралып, құтыруға қарсы вакцина салдырыңыз».


Жағдайды қалалық ветеринария бөлімі бақылауға алады деп сенеміз.




 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив