KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 3,4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Абай театрынан өрт шықты

20.08.2020, 05:26 104

Семейдегі Абай театрынан өрт шықты. Бұл туралы Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
 
ТЖ басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мәдениет ордасындағы өрт 19 тамыз күні сағат 9.00 шамасында шыққан.

Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына дәнекерлеу жұмыстары барысындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болған. 

Жалын қабаттар арасындағы терезе ойығын шарпыды. Өрттің жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған. Қазіргі уақытта келтірілген шығын мөлшері анықталуда. Тілсіз жау сағат 09:36-да сөндірілді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұл дәнекерлеу жұмыстары барысындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан шыққан екінші өрт оқиғасы.

Дереккөз: Бақ кз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив