Семейдегі Абай театрынан өрт шықты
Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мәдениет ордасындағы өрт 19 тамыз күні сағат 9.00 шамасында шыққан. Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына дәнекерлеу жұмыстары барысындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болған.
"Жалын қабаттар арасындағы терезе ойығын шарпыды. Өрттің жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған. Қазіргі уақытта келтірілген шығын мөлшері анықталуда", - деп хабарлады ведомство өкілдері. Тілсіз жау сағат 09: 36-да сөндірілді.
Айта кетейік, бұл дәнекерлеу жұмыстары барысындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан шыққан екінші өрт оқиғасы.