KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да 79 түлектің ҰБТ нәтижелері жойылды

30.06.2020, 16:21 157

ШҚО-да ҰБТ кезінде 79 түлектің тест нәтижелері жойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО бойынша жемқорлықпен күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байдилдин мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша, тест тапсырушылар тыйым салынған заттарды пайдаланған.

10 күнге созылған сынақтың барысында 79 бала ҰБТ талаптарын бұзған екен. Олардың тест нәтижелері жойылды. ҰБТ процессі 25 тамызға дейін тексеріледі. Ереже бұзу фактілері анықталған жағдайда, тест тапсырушының нәтижелері жойылатын болады.

- Әлеуметтік желіде тестілеуде ақылы түрде көмек көрсететін адамдар туралы ақпарат бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан бұл адамдардың алаяқ екендерін ескертеміз, - дейді Жігер Байдилдин.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив