KZ
Өскемен
снег жел 8 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Демалыс күндері жабылатын қоғамдық орындардың тізімі - Өскемен

19.06.2020, 08:12 326

Коронавирустың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімін орындау мақсатында және COVID-19 ауруына шалдыққан өскемендіктердің санының өсуін ескере отырып (бүгінгі таңда 51 жағдай тіркелген), алдымыздағы жексенбі күндері, яғни 2020 жылдың 20-21 маусымында келесі қоғамдық орындар жабық болады:

• қалалық саябақтар (Солжағалау кешені, Қайсенов және Жамбыл саябақтары, «Самал», «Нұрлы Жол», «Металлург» саябақтары);

• «Арбат», «Комендантка» жаяу жүргіншілерге арналған орындары;

• аллеялар мен суға түсетін орындар;

• өзендердің жаяу жүргіншілерге арналған жағалаулары.

Сонымен қатар жасы 65-тен асқан тұрғындардың қалада жүрулеріне шектеу қоюымыз қажет.

Баршаңызды мұндай шараларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды сұраймыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу