KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Қазақстан ТЖМ өртсөндірушілерге дрондар сатып алуды жоспарлап отыр

Фото: Жасанды интеллект

12.11.2024, 17:00 105 Гульжан Мусина

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі биік ғимараттардағы өрттерді сөндіруге арналған екі арнайы дрон сатып алмақ. Бұл туралы ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, - деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту аясында биік ғимараттардағы өрттерге қарсы 2 дронды алғаш рет сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, биыл республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен, сондай-ақ лизинг арқылы 728 бірлік арнайы техника мен 18 мыңнан астам құрал-жабдық сатып аламыз. Ең алдымен, аудандық бөлімшелердің қажеттіліктерін қамтуға тырысамыз, - деді министр.

Министрдің айтуынша, өрт сөндіру деполарының құрылысына жаңа стандарттар енгізілуде.

Мәселен, биыл тамыз айынан бастап Астанада тез құрастырылатын құрылымдардан 3,5 ай ішінде салынған өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істей бастады. Бұл құрылыс қағидаты барлық өңірлерде қолданылатын болады. Жалпы алғанда, еліміз бойынша 121 өрт сөндіру депосы қажет, - деп қосты ведомство басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу