KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Қазақстандағы бала туу көрсеткіші шықты

pexels.com

12.11.2024, 13:00 107 Төлеуғазы Жансая

Сарапшылар 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы еліміздегі демографиялық жағдайға қатысты жаңа мәліметтерді жариялады. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, аталған кезеңде Қазақстанда ең жоғары бала туу көрсеткіші Түркістан облысы, Маңғыстау облысы және Шымкент қаласында байқалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

2024 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 20 223 218 адамға жетті. Оның ішінде қала тұрғындарының саны 12 704 977 адамды, ал ауыл тұрғындарының саны 7 518 241 адамды құрайды. Жыл басынан бері 278,7 мың сәби дүниеге келсе, қайтыс болғандар саны 99,5 мың адамды құраған. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адамға тең болды.

Бала туу көрсеткіші жоғары аймақтар:

  • Түркістан облысы – 1000 тұрғынға 25,04 бала;
  • Маңғыстау облысы – 1000 тұрғынға 24,84 бала;
  • Шымкент қаласы – 1000 тұрғынға 23,68 бала.

Өлім-жітім көрсеткіші жоғары аймақтар: Солтүстік Қазақстан облысы (1000 тұрғынға 11,52), Шығыс Қазақстан облысы (11,32) және Қостанай облысы (10,12).

Сонымен қатар, алғашқы 9 айда 95 мың неке тіркелсе, ажырасу көрсеткіші 29,3 мыңды құраған.

Бұл деректер өңірлер арасындағы демографиялық айырмашылықтарды көрсетіп, халықтың табиғи өсіміне оң әсер етуші факторларды анықтауға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу