ШҚО-да «Үміт сұлтаны» жас өнерпаздар байқауы өтті (Видео)
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасына қарасты «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 30 жылдан бері балалардың шығармашылық дамуына қолдау көрсетіп келеді. Ертіс концерт залында орталық ұйымдастырған «Үміт сұлтаны» байқауы өтті,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шараға арнайы қатысқан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев игі бастаманың маңыздылығын атап өтті.
11-13 жас аралығындағы бес жасөспірім төрт кезең бойынша сынға түспек: «Мен елімді қорғаймын», «Көкірегі ояу – көзі ашық», «Спорт жан серігім» және «Жігітке жеті өнер де аз».
Аталған байқау дәстүрлі түрде өткізіліп, балалардың бойындағы жеке шығармашылық қабілеттерді ашуға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы байқаудың тақырыбы — «Мен қазақ жігіті болуға лайықпын». Шара барысында балалар қоғамға адалдық пен әділеттілік, мемлекетке деген сүйіспеншілік секілді қасиеттерді бойларына сіңіріп, шығармашылықтарын шыңдай түсетін болады.