KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 4 м/с, Ю
492.17 522.39 5

Неліктен құрт ірімшіктен қымбат?

oq.gov.kz

12.11.2024, 19:30 86 Гульжан Мусина

Құрттың бағасының жоғары болуына оның өндірісіне жұмсалатын еңбектің көптігі мен сапалы шикізаттың қажеттілігі әсер етеді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

1 кг құрт жасау үшін шамамен 15 литр жоғары майлылықтағы сүт қажет, бұл ірімшік өндірісіне жұмсалатын сүт мөлшерінен едәуір көп.

Құрт өндірісі кемінде 7 күнге созылады. Сүтке ашытқы қосылғаннан кейін құрттың пішінін қалыптастыруға дейін ұзақ процесс жүреді. Одан кейін 38 градус температурадағы арнайы жабық камераларда кептіру кезеңі басталады, бұл құрттың барлық пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді. Соңғы кезеңде өнім буып-түюге жіберіледі.

Құрт – ерекше өнім. Оның құрамы балалар мен қарттарға, жүкті әйелдер мен спортшыларға, сондай-ақ дұрыс тамақтануды ұстанатындарға өте пайдалы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу