KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
515.31 533.96 5.3

Қазақстанда ҰБТ базасы қайта қаралады

5.06.2020, 07:38 111

Қазақстанда ҰБТ базасы қайта қаралмақ. Тесттердің мазмұны өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

-Тесттердің мазмұнын өзгерту – өте маңызды мәселе. Сұрақтар жаттауға, фактілерді білу мен оларды қайталап айтуға емес, функционалдық сауаттылықты өлшеу мен алған білімін пайдалануға, ойлау мен талдауға негізделу керек, - деді министр.

Осыған байланысты қазіргі таңда Ұлттық бірыңғай тестілеудің барлық базасы қайта қаралып жатыр екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу