KZ
Өскемен
-20°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
515.97 537.8 5.25

Камералды бақылау назарында

Бүгін, 14:00 53 Төлеуғазы Жансая

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тарапынан 211,7 млрд теңге сомасында 21 241 мемлекеттік сатып алу рәсімін камералды бақылау арқылы қамтылды, – деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бақылау барысында мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама бұзушылықтары 25,6 млрд теңге сомасында анықталып, 2 868 хабарлама жіберілді.

Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындамаған немесе мерзімінде орындамаған лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес 45 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Камералды бақылау аясында 1 970 шағым қаралды, оның ішінде 1 317-сі толық немесе жартылай қанағаттандырылды, 653 жағдай бойынша шағымдарды қанағаттандырудан бас тартылды.

Өткен жылдағы ең көп шағымданған және бұзушылықтар анықталған мемлекеттік сатып алулар білім беру ұйымдарында тауарлар мен тамақтану қызметтерін сатып алу рәсімдері болды. Осы сатып алулар бойынша, камералды бақылаудың нәтижелері бойынша, 1 164 шағым негізінде 653 хабарлама жіберілді, оның жалпы сомасы 386,7 млн теңгені құрады.

 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу