Бұқтырма жағалауын қайта жаңартуға 3 жыл қажет – Даниал Ахметов
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, Бұқтырма жағалауындағы демалыс аймақтарын жаңғыртуға 3 жыл қажет, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс басшысы дәл осындай бағдарлама Алакөлде жүргізілгенін және 17 миллиард теңге жұмсалғанын еске салды. Қазір Алакөл ең көрікті туристік жерлердің бірі болып саналады.
– Бұқтырма Қазақстандағы ең үздік курорттардың біріне айналуы үшін бізге 3 жыл керек. Біздің табиғатымыз керемет, сонымен қатар өңірде марал шаруашылығы дамыған. Бұл осы жердің фирмалық белгісі болуы тиіс, – ШҚО әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан брифингіде.