Өскеменде құрылыста жұмысшы қаза тапты
Бүгін Өскеменде Әл-Фараби даңғылының бойындағы құрылыстардың бірінде екі жұмысшы топырақ астында қалды. Олардың біреуі қаза болды, екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жұмысшылар қазылған траншеяға құлап, опырылып түскен топырақтың астында қалған. Олардың біреуі облыстық аурухананың қабылдау бөлімінде көз жұмды. Екіншісі қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқи отырыңыз