KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
515.31 533.96 5.3

Үлкен Нарында субұрқақ жөнделіп, велосипед жолы төселеді

3.06.2020, 02:52 236

Үлкен Нарындағы Тәуелсіздік гүлзарының салтанатты ашылуы 2011 жылдың 3 қарашасында өткен еді. Бұл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына аудан тұрғындарына тарту етілген естеқаларлық сый болатын.Нысанның сол кездегі ашылуы салтанатына облыстың бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі келіп қатысып, Үлкен Нарын өңірдегі ең үздік аудан орталықтарының бірі деп жоғары бағасын берген еді.

Гүлзарды «Жол картасы» бағдарламасы аясында «Нарын» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны салған болатын.
Уақыт өте келе бұл гүлзар үлкенарындықтар мен аудан орталықтарының қонақтары келіп демалатын ең танымал орынға айналды. Бұндағы басты сәулет нысаны болып Бәйтерек монументі табылады. Гүлзарға кіреберісте үлкен граит тас, оның сырт бетінде ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып ашылғандығы туралы жазылған тақтайша ілініп тұр. Бұл оның ортақ атауына айналды.

Уақыт өте келе гүлзар аумағына жаңарту жұмыстары қажет болды. Бүгінгі таңда абаттандыру жұмыстарымен «Строй-Е» ЖШС-і айналысуда. ЖШС жұмысшылары Сергей Конецкий, Максим Шапорев, Еркін Маймақов, Айдын Қожағұмаров және Әсет Мұхамжаров бригадирлері Тимур Кәрімовтың басшылығымен тапсырылған іске кірісіп те кетті. Олардың сапалы жұмыстарының арқасында гүлзардың жалпы бет-бейнесі жаңаша өң алмақ. Жұмысшылардың бұл істе тәжірибелері баршылық.

Абаттандырудың бірінші кезеңі - жаяу жүргіншілер жолдарының тас тақталары алынып, бір жерге жиналып, артынша аудан орталығындағы мекемелерге тасып шығарылды.

Гүлзардағы абаттандыру жұмыстары жайында ЖШС басшысы Жәнібек Елеусізов айтып берді.

- Нысанға көрік беру үшін оның кіреберісінде арка және шағын қақпалар орнатамыз. Оның бірі үшқабатты тұрғын үй жағынан, екіншісі оған қарама-қарсы тұстан болмақ. Бұл демалушыларға гүлзарға кіруге ыңғайлы болу үшін істелінеді. Сондай-ақ, жаяужолдың тас төсеуіштері мен ернеулері жаңартылып, орындықтар мен Бәйтерек монументі боялады. Велосипед, ролик, самокат немесе скутер тебемін деушілерге арнайы асфальт жолын жасап береміз. Гүлзар аумағы түгелімен қоршалады, 58 жарықшамдар орнатылды. Онан бөлек, субұрқақ қайтадан қалыпқа келтіріледі.


Тимур Смағұлов,
Катонқарағай ауданы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу