KZ
Өскемен
-21°
туман жел 1 м/с, СБ
515.31 533.96 5.3

ЖМК ауданында 8 үйдің ауласы жарықтандырылды - Өскемен

29.05.2020, 11:45 39

Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары азаматтардың өтінішімен ЖМК шағын ауданының 3 кварталындағы 8 үйдің (Есенберлин д., 14/6, 116, 117, 118, 119 121, 122, 120/2) сыртқы жарықтандыру желілерін тартуға атсалысты.

Осылайша электр энергия желілерінің қосымша бағаналары орнатылып, қосалқы станциядан жарықтандыру желілеріне дейін электр желісі тартылды. Жарықтандыру жұмысын «ГОРСВЕТ LTD» ЖШС қолға алған. Тіпті, болжанған кестеден бұрын аяқтапты. Енді осы шағын ауданның тұрғындары кешкі уақытта жарықтандырылған жол учаскесінің бойымен үйлеріне қайта алады

- Қала тұрғындарының өмірін жайлы ету - депутаттар және атқарушы биліктің негізгі міндеті. Халықпен кері байланысты ұйымдастыруда басты рөлді азаматтардың өтінішімен жұмыс жасауға бөлеміз. Айта кетейік, депутаттар Өскемен қаласы әкімдігінің «Аумақтық басқару орталығы» КММ базасында және «Nur Otan» партиясының қалалық филиалында облыс орталығының тұрғындарын қабылдауды жүргізеді, - дейді қалалық мәслихат. 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу