KZ
Өскемен
-25°
туман жел 1 м/с, С
520.27 537.65 5.24

ШҚО-да жетім балаларды қолдау шаралары күшейтіліп жатыр

Бүгін, 14:00 48 Гульжан Мусина

ШҚО-да жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрмысын жақсартуға бағытталған жаңа бастамалар іске асуда. Бұл бастамалар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеуге, олардың құқығын қорғауға және дербес өмірге дайындауға негізделген. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың ауқымы кеңейіп, үймен қамту, тәлімгерлік бағдарламалар белсенді жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО-да жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды қолдауға бағытталған жаңа бастамалар белсенді енгізілуде. Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – осы балалардың тұрмысын жақсарту, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, дербес өмірге дайындау.

– Былтыр қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қызметкерлер құрамы 11 адамға ұлғайтылды. Бұл шара жұмыстың тиімділігін арттырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және балалардың құқығын қорғау мәселесін жедел шешуге мүмкіндік берді. Осы жылдың алғашқы айында 23 бала есепке алынса, 2024 жылы 137 бала тіркеуге алынған.
Бұдан бөлек, балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отыр. 2024 жылы өңірде 523 тұрғын үй берілді, оның ішінде жетім балаларға арналған 82 пәтер бар, бұл оларға мемлекеттік мекемелерден шыққаннан кейін дербес өмір сүру мүмкіндігін берді, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Мейірім» акциясы аясында қазір 342 тәрбиеленуші патронаттық кәсіпорындармен байланыстырылған, олардың есепшоттарына 50 миллион теңге аударылды. Бұл акция балаларға ересек өмірге бейімделуге, тәрбиеленушілермен кездесулер өткізуге, кәсіпорындарды аралауға және мамандықтармен танысуға көмектеседі.

Тағы бір маңызды бастама – «Тәлімгерлік» жобасы, ол ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды қоғамға бейімделуге көмектеседі. Бүгінгі таңда 50 тәрбиеленуші тәлімгерлікпен байланыстырылып, олар тәрбиеленушілерге қоғамда өмір сүруге бейімделуге ғана емес, өз әлеуеттерін ашуға да көмектеседі.

Сонымен қатар 2023-2024 жылдары екі жасөспірімдерді бейімдеу орталығының заңнамалық талаптарға сәйкестендірілуі бойынша жұмыстар жүргізілді. 2025 жылы тағы бір осындай орталықтың сметалық құжаттамасын әзірлеу және нормативтік талаптарға сәйкестендіру жұмысы жалғасуда.

 

Ержан ӘБІШ

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу