Тоқаев COVID-19 туралы: "Екінші толқынға дайын болуымыз керек"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың екінші толқынына дайын болуды тапсырды.
"Мен осыған дейін айтқанымдай, біз коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек. Жағдай ушығып жатыр, біздің елде де, басқа елдерде де қауіпті инфекция анықталып жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын күшейту керек", - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9304-ке жетті, 4613 адам айығып, 37 адам қайтыс болды.
Оқи отырыңыз
Covid-19.Тарбағатай ауруханасы екінші толқынға дайындық жүргізіп жатырҮкімет эпидемиологиялық жағдайға қатысты шараларды жариялайды – ТоқаевТоқаев ауылдағы баспана туралы: "Кәсіпкер жұмысшыларына үй салса, мемлекет жартысын төлеуге дайын" Дүниежүзінде коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін - ДДҰҚазақстанда тағы бір министрлік құрылатын болды