KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Covid-19.Тарбағатай ауруханасы екінші толқынға дайындық жүргізіп жатыр

9.09.2020, 07:27 106

Тарбағатай ауданына жұмыс сапары барысында аурухананың екінші толқынға дайындық барысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі жеке тексерді.

«Күзде коронавирустың екінші толқыны бола ма, жоқ па деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Ең бастысы, қандай жағдайда да дайын болуымыз керек», - деген ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасын орындау мақсатында Тарбағатай аудандық ауруханасының қызметкерлері тынбай еңбек етуде.

Бүгінде аурухананың қорында 29 оттегі концентраторы, 4 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Оттегі станциясын орналастыру жоспарланып отыр. Барлық медицина қызметкерінде коронавирустың ықтимал жаңа толқынында сырқатпен түсетін науқастарды емдеу картасы мен алгоритмі бар. Вирустың қалай тез таралатынын мұндағылар жақсы біледі. Бір адамның ПЦР-тестті тапсырмай, таксимен келуі аудандағы 100-ден астам адамның Covid-19 жұқтыруына себеп болды. Өкінішке қарай, мұндай жағдайдың алдын алу мүмкін емес. Бірақ ерте бастан қам жасап, дайындалуға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив