KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 2 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Өмеш асуында бұланды қағып кетті – ШҚО

27.05.2020, 04:33 171

ШҚО-да тасжолда көлік қағып кеткен бұланның төлі хайуанаттар бағына жеткізілді.

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде көлік қағып кеткен бұланның төлі хайуанаттар бағына жеткізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

«Семей әуесқой автомобильшілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің хабарлауынша, бұланның төлі Өмеш асуынан табылған. Ол тасжолдың бойында жүгіріп жүріпті. Түз тағысы қазіргі уақытта сол жағалаудағы хайуанаттар бағына жеткізілген.

- Жабайы аңды хайуанаттар бағына кіргізу үшін бірқатар қиындық болғаны рас. Бірақ ең бастысы қазір ол аман-есен, ал қалғаны осындағы қызметкерлерге байланысты. Бұланның төлін табылған жеріне байланысты Өмеш деп атауды жөн көрдік, - дейді қоғамдық бірлестік мүшелері.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив