ШҚО-да заңсыз балық аулағандар құрықталды
ШҚО-дағы Балықтыкөл көлінің аймағында заңсыз балық аулағандар құрықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
24 мамыр күні сағат 07.00 кезінде Семей қаласының полиция бөлімі мен ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекцияның Семей инспекция бөлімінің қызметкерлері балықтың уылдырық шашуына байланысты мерзімінде бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізген. Рейд барысында Семей-Курчатов жолының бағытында шамамен 74 шақырымында орналасқан «Балықтыкөл» көлінің аймағында Бөкенші ауылының тұрғыны басқаруындағы «УАЗ» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексерілген. Автокөліктен заңсыз тасымалдап бара жатқан 3 дана синтетикалық моножіптен жасалған балық аулауға тыйым салынған құрма аулар, 1 дана үрлемелі резіңке қайық, 203,28 кг сазан тұқымдас, 2 кг шортан балығы анықталған. Балықтардың жалпы салмағы - 205,28 кг. Табиғат қорына келтірілген зиян шамамен 741,500 мың теңге құрады.
ҚР ҚК-нің 335 бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде.