KZ
Өскемен
-25°
туман жел 1 м/с, СБ
515.31 533.96 5.3

«Мен де грантқа түсе алмағанмын». А.Аймағамбетов түлектерді қорықпауға шақырды

25.05.2020, 09:43 136

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектерді ештеңеден қорықпауға шақырып, өзі де мектеп бітірген соң, бірден грантқа түсе алмағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Аймағамбетов 2020 жылғы мектеп бітірушілерді ештеңеден қорықпай, мүмкіндіктерді пайдалана білуге шақырды.

"Алған беттен қайтпау өте маңызды екенін өз басым білемін. Нақты қадам жасап, ойыңыздағыны іске асыру керек. Мәселен, мен мектеп бітірген соң, бірден бір жылдың ішінде грантқа түсе алмадым. Одан ұялудың еш қажеті жоқ. Менің алдымда екі таңдау болды: біріншісі, ақылы түрде оқу, екіншісі бір жыл дайындалып, келесі ҰБТ-ны қайта тапсыру. Сол кезде бір жыл дайындалып, тесті қайта тапсырам деп шешім қабылдадым. Бір жыл уақытымды табанды дайындықпен жұмысқа арнап, нәтижесінде келесі жылы армандаған грантқа қол жеткіздім", - деді ол.

Министр ҰБТ түлектердің өміріндегі ең жеңіл емтиханның бірі болатынын айтты.

Сондай-ақ, ол түлектерді қателік жасаудан қорықпай, керісінше, одан сабақ алуға үндеді.

"Кішкентай кезімізден бізді қателік жасау дұрыс емес, кешірімсіз деп сендірген. Мектеп қабырғасынан бастап қателік жасамау біздің санамызға құйылып келді. Табысты адам ешқашан қателеспейді деген қате ұғым екенін айтқым келеді. Бәрі қателік жасайды, бастысы – одан сабақ алып, тәжірибе жинақтау. Қателік жасап, бәрін қайта бастаудан қорықпау қажет", - деп кеңес берді ведомство басшысы.

Айта кетсек, биыл коронавирус індетіне байланысты 1-10 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау онлайн режимде өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу