Мемлекеттік грант нәтижесімен келіспейтіндер қайда шағымданады?
Мемлекеттік грант нәтижесімен келіспейтіндер БҒМ және Ұлттық тестілеу орталығына қайта қарауға өтініш жаза алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Мемлекеттік гранттар компьютер арқылы реттеледі. Объективті процесс. Адам араласа алмайды. Әрине, конкурсқа қатысып, грантқа ілінбеген кез келген азамат нәтижесін қайта қарау үшін шағымдануға құқылы. БҒМ, Ұлттық тестілеу орталығына өтініш беруге болады. Біз әр адаммен жеке жұмыс істейміз, тексереміз. Дегенмен, қайталап өтейін, гранттың бөлінуіне ешбір адам араласа алмайды, – деді Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова.
Осы тұста айта кетейік, биыл «Алтын белгі» алған түлектердің 1200-ден астамы грантқа түсе алмады.