Семейде 3 жасар бала массаж төсегіне қыстырылып қалды
3 жастағы қыз бетпен жататын төсектің тесігіне денесімен кіріп кетіп, өздігінен шыға алмаған.
Оқиға туралы хабарлама 24 мамыр сағат 17.40-та Семей қаласының күштер мен құралдарды жедел басқару диспечеріне келіп түседі. Төрт құтқарушы шақырылған жерге бірден аттанып, ұстаханалық құралды пайдаланып, төсекті сындырып, баланы шығарып алды.
Семей қаласының ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылы туған бала зардап шеккен жоқ.
Оқи отырыңыз