Мамықты «өртеймін» деп, екі көлік жанып кетті - Өскемен
![](/kz/uploads/posts/iblock/ddb/ddbcba1ccbb9099734e982687abf8937.jpeg)
Кеше сағат 18.30 шамасында Михаэлис көшесіндегі көппәтерлі үйдің ауласындағы гараждан өрт шықты.
Өрт Mitsubishi және Toyota Caldina маркалы автокөліктердің алдыңғы бөлігін қамтыды. Зардап шеккендер жоқ.
Өскемен қаласы Төтенше жағдай басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт жақын маңдағы жанып жатқан мамық, жапырақтар мен қоқыстардан гаражға қарай шығып кеткен.
Оқи отырыңыз