KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Аңшылар қауымдастығының жігіттері мұқтаж адамдарға көмектесіп жүр

21.05.2020, 06:01 113

Өскемендегі Аңшылар қауымдастығының жігіттері жылу жинап, Рамазан айында тұрмыстық заттарға мұқтаж болып отырған  көпбалалы  жанұяға көмек жасады, деп хабарлайды Алтайньюс  тілшісі.

Қауымдастықтағы бастамашыл топ мүшелері Азамат Елшібеков пен Дәурен Сәрсенбаевтың айтуынша,  уатсап мессенджері арқылы 200 мың теңге көлемінде қаражат жиналған.

Бұл жанұяны гаражға барғанда  үнемі көріп жүретінбіз. Гастелло көшесіндегі ескі ағаш үйде тұрады. Балалары көп.  Тұрмыстық заттарға мұқтаж екендіктері айтпаса да түсінікті еді. 6 балаға аяқкиім, спорттық кеудешелер, памперс,  ойыншықтар, басқа да керек-жарақ ,азық-түлік апардық. Тағы бірнеше отбасының коммуналдық қарыздарын жауап бердік, дейді Дәурен Сәрсенбаев.

Үй иесі көпбалалы ана Анна Андреева да қуанышын жасыра алмады. Қайырымды жандарға алғыс айтып, ыстық ықыласын білдірді.  Оның айтуынша,  отбасы тұрып жатқан қос қабатты ағаш барақ үйлер сонау ескі заманда салынған. Қазір апаттық жағдайда тұруы да мүмкін. Баспана кезегінде 17 жылдан бері тіркелген  екен. Ешқандай алға  жылжу жоқ.

-Мемлекет басшысы көпбалалы аналар мен жағдайы төмен біз сияқты отбасыларға көмектесеміз деп жатқанын естідім. Біз осынша баламен қиын тұрмыс кешіп жатырмыз. Баспанамыздың түрі мынау. Кезегіміз жылжып, жеңілдетілген талаптармен пәтер алсақ,-деген ниетін жеткізді Анна Андреева.

Аңшылар қауымдастығының жігіттері де осы мәселені назарға алып, құзіретті орындарға жеткіземіз деп уәде беріп кетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив