Митинг туралы заң жобасына енгізілген өзгерістер мақұлданды
Мәжіліс депутаттары "Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасына сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұған дейін Парламенттің жоғары палатасы аталмыш заң жобасына өзгерістер енгізген болатын.
Атап айтқанда, митингке қатысушыларға бетін бүркемелеуге рұқсат беріледі. Яғни, жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға, маска тағуға болады. Минтингтің қатысушысының заң бұзуы, жиналысты тоқтатуға негіз болып табылатын. Енді бұл нормаға өзгеріс енгізілді. Митинг кезінде қатысушы немесе қатысушылар тарапынан орын алған заңбұзушылық жойылса, жиынды ары қарай жалғастыруға мүмкіндік беріледі.
Митинг өтетін орында болған түрлі кедергілер оны өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды. Себебі митинг өткізетін орынды белгілеу кезінде кедергілер алдын ала ескерілуге тис.
Республикалық маңызы бар қалалар және облыстардың әкімшілік орталығы, аудандарының орталық бөлігінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың міндетті санын белгілеу ұсынып отыр.