Қазақстанда митингті онлайн өткізуді ұсынды
Алматы қаласының белсенді қоғамшылдары бір түрлі идея ұсынды. Олар бейбіт митингті онлайн режимінде өткізуге шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Олардың айтуынша, қазір қоғамда әлеуметтік желілер үлкен рөл атқаруда. Сондықтан елімізде бейбіт митинг өткізу кезінде әлеуметтік желі үрдісі де ескерілгені дұрыс деп санайды. Яғни, әлеуметтік желіде онлайн-митинг не сауалнама өткізсе, адамдардың алаңға шығуына қажеттілік болмайды деген ортақ пікірге келіп отыр.
Бұл ұсынысқа қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өз ойын білдірді.
- Бұл тамаша идея. Ұсыныспен мұқият танысып, оны зерттейміз. Мұнда логика бар. Біз оны қарастырамыз, - дейді министр.