«Карантин біткен жоқ». Өскеменнің тұрғындары арқаны кеңге салып жүр
Өскемен тұрғындары босаңсып кетті. Медициналық маска тақпайды, әлеуметтік арақашықтық сақталмайды. Шектеу шаралары жұмсарғаннан кейін рейд жүргізген арнайы топ осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Адамдар арқаны кеңге салып жүр. Егер санитарлық нормалар мен талаптарды сақтамасақ, бұрынғы қалыпқа қайта түсеміз. Карантин біткен жоқ, тек шектеу шаралары жұмсарды», – деп мәлімдеді қалалық тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Михаил Дерябин.
«Арнайы жасақталған топ 15 ірі сауда нысанын аралады. Рейд барасында өрескел тәртіп бұзғандар тіркелмеді. Сатушылар маска киіп жүр, нысандарда дезинфекциялық құралдар бар. Тек кейбір тұтынушылар сауда үйлеріне кіргенде, мас кимейді. Сондай-ақ кейбір сауда үйлері нұсқауда көрсетілген мерзімнен ерте жұмысқа кірісіп кеткен», – деп мәлімдеді қала әкімдігі.