KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ШҚО-дан шыққан белгілі әнші-композитор өмірден өтті

14.05.2020, 10:18 167

Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiсi, әнші әрі композитор Гүлнар Дәукенова өмірден өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Гүлнар Дәукенова 1961 жылы 16 қыркүйекте Үржар ауданының Мақаншы ауылында дүниеге келген. Ол - тыңдармандарына «Сағындым сағым жылдар», «Қайран уақыт», «Шыңдағы шынарым-ай», «Аппақ қарлар», «Күрең күз» сынды көптеген сұлу да сырлы әндерімен танылған композитор.

Бала кезінде Әсет Найманбаевтың қызынан бата алған Гүлнар Дәукенова өмірін өнермен өрнектеп, халқына асыл қазынаға айналған тамаша әндерін қалдырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив