KZ
Өскемен
+17°
небольшой дождь жел 3,1 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Жұмысшылар көшелерге қиыршық тас төсеп жатыр – Өскемен

1.05.2020, 05:32 209

Өскеменнің шет-шетіндегі жер үйлер орналсқан аумақтағы көшелерге қиыршық тас төселеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш мәселе қала әкімінің күзгі және қысқы есептік кездесулерінде көтерілген еді. Ол кезде тұрғындардың талап-тілегі ескеріле отырып, қиыршық тас төселетін көшелер таңдалды. Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, коммуналдық қызметкерлер жұмысқа кірісіп кетті. «Жаңа Согра» коммуналдық кәсіпорны 25 сәуірден бастап көшелерге қиыршық тас төсеп жатыр. Дәл осындай жұмыстар Ахмер кенті мен Мерей көшесінде жүргізілуде. Ал Ізгілік, Еңбекші және Қайыңды көшелеріне қиыршық тас төселіп қойды. Сондай-ақ Бабкина Мельница, Подход СЦК, Ескі Согра, Защита, Әуежай, Прудхоз, Ахмер аудандарында бұл жұмыстар жалғасады.  Барлығы 24,6 шақырым жолға қиыршық тас төселеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив