KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

30.04.2020, 09:09 128

Коронавирустың екінші толқыны қазан айларында қайталануы мүмкін деген болжам айтылуда. Осыған орай ШҚО-да алдын ала дайындық жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы "СМУ" КеАҚ ғалымдарымен бірге СОVID-19 иммунды алмастыру терапиясын зерттеуге кірісті.

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

- Қазіргі уақытта бұл ауруға қарсы вакцина жоқ. Әртүрлі емдеу жолдары мен бірқатар препараттар қолданылады. Осыған байланысты, біз иммунды плазманы құю әдісін коронавирус инфекциясын емдеудің перспективті нұсқаларының бірі ретінде қарастырудамыз. Сондықтан да, біздің облысымыз қолымызда бар күш пен құралдардың мүмкіндігін пайдалана отырып, болуы ықтимал вирустың екінші толқынымен күресті қазірден бастайды. Жақында өңірге 100 мың экспресс тест әкелдік. Бұл бізге қажетті ғылыми базаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - дейді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив