Өскеменде полицейлер үйлерді қоршап жатыр
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қаланың қай аудандарында эпидемиялық шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Астана, 6 мекенжайында орналасқан көпқабатты үй және «Южное» бау-бақша серіктестігіндегі саяжай учаскелерінің бірі (Самсоновка жақ) қоршауға алынды, – деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазина.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ШҚО-да 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның екеуі Өскемен тұрғыны: 1972 жылғы ер адам және 1970 жылғы әйел адам. Сондай-ақ Абай ауданында тұратын 1960 жылы туған егде адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Облыс бойынша инфекция жұқтырғандар саны 11-ге жетті.