KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Туған ауылын түгел азық-түлікпен қамтамасыз етті – Көкпекті

17.04.2020, 06:15 226

Көкпекті ауданы Құлынжон ауылының барлық отбасы ұн, қант, макарон, шемішке майы сынды әлеуметке маңызды азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Азық-түлікті сол ауылдың тумасы, Вl-GRUP холдингінің атқарушы директоры Айдын Рахымбаев алып берді.

Айдын Рахымбаев астанадан жөнелткен «КамАЗ-да» 1,5 миллион теңгенің азығы тиелген. Атап айтсақ, 200 қап ұн, 200 дана 5 литрлік сұйық май және 200 дана 5 келілік макарон өнімдері бар.

– Азық-түлікті ауылдағы барлық отбасына, ешкімді бөле-жармай, теңдей таратып бердік. Айдын Жұмаділұлы жалпы Көкпекті ауданына жан-жақты көмектер көрсетіп тұрады. Бүгінгі күні оның демеушілігімен үш жыл бойы ауылдағы орта мектептің бар оқушысы тегін ыстық тамақпен  қамтылып келеді. Сонымен қатар 2016 жылы 108 бала оқитын осы мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп берген. Бұған дейін ол ауыл тұрғындарына қажет трактор тіркемесі мен өрт сөндіру көлігін де тарту еткен, – дейді ауыл басшылығы.

Ауылда, шамамен, 200 шаңырақ бар.

– Біз атпал ауылдасымызға дархан пейілі үшін зор алғыс білдіреміз. Бұл көмек індет жайлаған мына кезеңде бізге үлкен демеу болды. Әсіресе, біз секілді көпбалалы шаңырақтарға оңай тиіп жатқан жоқ. Мың да бір алғыс, – деді көпбалалы ана Райхан Құсайынова.

(Суретте: Айдын Рахымбаев)

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу