Ертең ШҚО-ның барлық ауданына шектеулер қойылады
Төтенше жағдайға байланысты ертеңнен (15 сәуірден) бастап барлық аудан орталығында шектеулер болады. Облыстағы шұғыл штабтың бұл шешімі аудан орталықтарымен қатар Риддер, Курчатов қалаларына да қатысты.
«Аудан орталықтарына бақылау-өткізу бекеттері қойылады. Орталық көшелерінде күндіз-түні күзет болады. Жеке мәшинелердің жүрісі шектеледі», – деп жазылған ресми ақпаратта.
Ал Риддер мен Курчатовта 20 сәуірден бастап полицейлер жүргіншілердің ыстығын өлшейді. Мұндай іс-шара осы аптада облыс орталығы мен Семейде қолға алынғаны белгілі.
Оқи отырыңыз