Тойханада заңсыз маска тіккендер ұсталды
Өзбекстанның салық комитеті Ташкент ауданы Чирчик қаласында тойхананың ішінде заңсыз жолмен маска тігіп келген тігін цехын анықтады.
Құзырлы органның мәліметінше, астыртын цех 2 сәуір күні құрылған. Басшысы 183 жұмысшы жалдап, олармен әр тіккен маскасына 60 сом төлейтіні жөнінде келіскен. Жұмысшылар масканы қолмен тіккен, сонымен қатар араларында бір метр алшақтық сақтамаған.
«130 мың маска, 170 мың дайын мата тәркіленді. Оның бағасы, шамамен, 156,6 миллион сом (16 мың доллар мөлшерінде)», – делінген ресми ақпаратта.
Оқи отырыңыз