KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Даниал Ахметов: Отбасылық және салт-дәстүр іс-шаралары шектеледі

16.03.2020, 03:54 110

Облыс әкімі Даниал Ахметов діни конфессия өкілдерімен кездесу өткізіп, төтенше жағдайға байланысты уақытша шектеу шараларын талқылады.

Бұл туралы аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Аталмыш кезең аралығында отбасылық және салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге шектеу енгізілді. Оның ішінде мешіттерде, шіркеулерде және басқа да діни ғимараттарда жүргізілетін діни шараларға [шектеу қойылды]» – деп жазды.

Аймақ басшысы бұл «бірінші кезекте әрбір отбасының қауіпсіздігі мен елдің болашағы» үшін екенін айта келе, өңір тұрғындарын түсіністікке шақырды.

Еске  салайық, Президент Жарлығымен 2020 жылғы 16 наурыз сағат 8.00-ден 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін ел ішінде төтенше жағдай жарияланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу