Зайсан және Семей. ШҚО-да тағы 6 ауыл картадан өшірілді
Зайсан ауданы мен Семей қаласына қарасты бірнеше ауыл таратылды. Бұл туралы облыс әкімдігі мен мәслихатының жарлығында жазылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме беріп.
Зайсан ауданы бойынша:
– Жаңабаз ауылы Көгедей ауылының құрамына енгізілді;
– Талды, Сарытұмсық ауылдары Айнабұлақ ауылының құрамына енгізілді;
– Сарыши ауылы Кеңсай ауылының құрамына енгізілді.
Ал Семей қаласы бойынша Қараөлең және Социалистік Қазақстан ауылдары таратылды.
Оқи отырыңыз