KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, СБ
521.6 534.27 5.25

"Арыз жазбаймыз. Пайда жоқ". ШҚО-да жылқы үйірімен жоғалып жатыр

18.02.2020, 05:34 133

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында мал ұрлығы тыйылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір ғана Қалжыр ауылдық округінен жылқы үйірімен жоғалып жатыр. Бірақ бүгінге дейін бірде-бір мал табылмаған. Тұрғындардың айтуынша, аудандық полиция мен прокуратура қызметкерлерінде пәрмен болғанымен, ұрлыққа келгенде дәрмен жоқ. Сондықтан амалы таусылған халық біздің арнаға хабарласып, көмек сұрады.

Елдің шетінде, желдің өтіндегі Қылжыр ауылының халқы тек төрт түлікпен күнелтіп келеді. Алайда соңғы үш жылда мал мен жаннан маза кетті.Тек өткен күзден бері алақандай ауылдан 75 жылқы жоғалған.

Қуаныш Миязов, Қалжыр ауылының тұрғыны:

– Үйірден 5 басты алып кетеді. Жылда осы, міне. Қалжыр аулының тұрғындарын бірінші бруцеллез құртты.

Айымгүл Ерманованың екі жылқысы екі кештің арсында қорсаның қысынан жоғалған.

Мал иесінің айтуынша, кейбір жоғалған малдың ауылға кірген ізі бар да, шыққан ізі жоқ. Халық осыған аң таң.

Айымгүл Ерманова, Қалжыр ауылының тұрғыны:

– Ұшы-қиыры жоқ не деген ұрлық? Білмеймін.Ұсталмайды. Полицияға арыз жаздық ешқандай нәтиже жоқ. Ауылды міне малдан басқа не, күн көріп отырмыз.

Ермырза Есімжанов, Қалжыр ауылының тұрғыны:

– Құжатты кім істеп жатыр? Оннан, бестен жоғалады. Ешқандай нәтиже жоқ. Жоғалып жатыр. Екі жыл болды, тіпті өршіп кетті. Құзырлы органдардан түңілдік. Арыз жазбаймыз. Пайда жоқ. Таба алмайды. Мал ашуы, жан ашуы. Халық жоғалған малды полиция қызметкерлері ізін суытпай, іздеуге кіріспейтініне қынжылады.

Марқакөл мен Күршім өңіріндегі жылқы жыл он екі ай тебінде болады. Бірақ соңғы бірнеше жылда ұрлық көбейгендіктен, халық күндіз жайып, түнде қораға қамауға мәжбүр. Бірақ ұрылар қас пен көзің арасында қолды қылады. Ал бақпасаң мал кетеді деген. Аудандық полиция бөлімінің қызмектерлері халық малды бақпайды, байламайды деп, айыптап отыр.

Дегенмен соңғы екі жылда жалпы барымта 30 процентке азайыпты.

Серік Манапов, Күршім аудандық полиция бөлімінің бастығы:

– Иелері өздерінің малдарын не қармайды, не өздері жаймайды. Бақташы да жалдамайды. Он екі жиналыс өткіздік. Азаматтарға, тұрғындарға мал жаю мәселесін айттық. 269 мал айыппұл тұрақтарына жабылды. Оның 81-ін әкімшілік жауапкершілікке тарттық.

Ұрлық-қарлықты тыю үшін полиция қызметкрелері Бұқтырма су қоймасындағы өткелге кезекшілік ұйымдастырған. Бірақ одан әзірше нәтиже болмай тұр.

Олжас Керейхан

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу