KZ
Өскемен
-17°
плотный туман Штиль
521.6 534.27 5.25

Жаңа Ана мен бала орталығы ғимараты салқын - өскемендіктер

17.02.2020, 10:55 183

Өскемендіктердің пайымдауынша, Ана мен бала орталығы жаңа ғимаратқа мезгілінен тым ерте көшті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық балалар ауруханасының стационары 21 қаңтардан бастап Қазыбек би даңғылы, 11 мекен-жайында орналасқан.

Өскемен қаласының тұрғыны Еленаның айтуынша, оның қызы жақында Ана мен бала орталығының жаңа ғимаратында стационарлық емделуден өтіпті.

- Палаталарда бірнеше күн бойы суық болғандықтан, балам үнемі жылы киім киюге мәжбүр болды, — дейді қала тұрғыны. — Егер ғимарат салынып бітпесе, неге оны пайдалануға беріп қойған?

— 26-27 қаңтар аралығында Ана мен бала орталығының жаңа стационарында құрылыс жұмыстары жүргізілген орталық жылу трассасындағы апаттық жағдайға байланысты жылу беру жүйесіндегі ыстық су өшіріліп, температураның төмендеуі болды, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ли. - Қазір бөлімшелердегі температуралық тәртіп қалыпты жағдайда.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы ғимараттың мердігер тарапынан үш жылдық кепілге ие болуы себепті, ақаулар пайда болған жағдайда оларды жедел жоятынын түсіндірді.

Әділ Әуезхан

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу