KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Алтайдағы аналар әкімге өздері қолдан жасаған жылы көрпе сыйлады

5.02.2020, 09:48 201

Бүгін түстен кейін Алтай ауданына ресми жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов аудандағы көп балалы аналармен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аналар тобы көрсетілген әлеуметтік қолдаулар үшін облыс басшысына алғыс айтып, ұлы Абайдың өлеңдерінен челендж оқыды. Сонымен қатар өздері қолдан жасаған жылы көрпені облыс әкіміне тарту етті.

Атап айтсақ, бұл аналар өздерінің тың бастамаларымен көзге түсуде. Жақында ғана олар аудандық мәдениет үйінің алдында қардан ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын бейнелеген. Алда тағы бірнеше тың жобаларды қолға алмақ.

Облыс әкімі волонтерлер жылына орай ауданның белсенді жастарымен де кездесіп, оларды үздіксіз білім алуға, жастық шақты мәнді де мағыналы өткізуге шақырды. Кездесуде аналар мен жастар "Біз біргеміз" деп ұрандатты.

"Сіздер әрқашан бірге болыңыздар. Бірлік бар жерде жеңіс те, бәрі болады",-деді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар облыс әкімі аудан әкімі Нұржан Тоқсейітовтің тұрғындар алдындағы қорытынды есебіне қатысты. Алтайлықтар аудан басшысының өткен жылда атқарған жұмысын оң бағалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив