Қазақстандағы ең қымбат алма Өскеменде, ең қымбат айран Семейде сатылады
Өскеменде алманың бір келісі 534 теңге тұрады. Бұл еліміздегі ең жоғары баға, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, республика бойынша өткен жылы алма бағасы орташа есеппен 374 теңгеден 402 теңгеге дейін өсті. Ең арзан алмалар Шымкент қаласында болып шықты.
Сондай-ақ Шығыстың тағы бір шаһары қымбатшылық бойынша көш бастады. Семейде айран 380 теңге, ал Қазақстан бойынша орташа баға – 297 теңге.
Айта кетейік, 2019 жылдың қаңтар айынан 2020 жылдың қаңтарына дейін елімізде азық-түлік бағасы 9,2%-ға өсті.
Оқи отырыңыз