Абайдың туған ауылы абаттандырылады
Абайдың туған ауылы мен Ақшоқы елді мекені абаттандырылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Даниал Ахметов мәлімдеді. Облыс әкімінің айтуына қарағанда, Ұлы Абайдың туған ауылы Сырт Қасқабұлақ пен Құнанбай және оның ұрпақтары жерленген Ақшоқы елді мекенін көркейтуге байланысты бірқатар шаруа атқарылады.
– Сырт Қасқабұлақ пен Ақшоқыда ауқымды абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ Жидебайдағы Абай-Шәкәрім мемориалы кешенді жөндеуден өтеді. Бұл істің барлығын қадағалайтын арнайы штаб құрамыз және оны өзім басқарамын, – деді Даниал Ахметов.
Оқи отырыңыз