KZ
Өскемен
-28°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

«Жұмыс істемейсіңдер ме, барыңдар!» Даниал Ахметов әкімдерге ескерту жасады

28.01.2020, 08:36 117

Шығыс Қазақстан облысында ана мен бала өлімінің саны артып келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, 2019 жылдың жоспары бойынша бұл көрсеткіш 7,19 факты шамасында болуы тиіс еді. Алайда 1000 сәбиге шаққанда 7,6 факты тіркеліп отыр. Ал бұл көрсеткіш республика көлемінде 7,2-ге тең.

Сондай-ақ жүкті әйелдердің 80 пайызы Өскемен мен Семей қаласында босанады.

– Шалғай аудандардағы аяғы ауыр әйелдер 700-800 шақырымды басып өтіп, облыс орталығына немесе Семейге келіп, босануға мәжбүр. Өйткені аудан орталықтарында қажетті жағдай жасалмаған. Бұл ең бірінші әкімдердің жауапсыздығы. Жоқ, жұмыс істегілерің келмей ме, бара беріңдер! Басқа мамандарды табамыз. Содан кейін мұндай құрылым жүйесін жасап отырған денсаулықсақтау басқармасының өзі де кінәлі. Тез арада жаңа құрылымдық жүйе жасап әкелетін болыңдар! – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу