KZ
Өскемен
-30°
плотный туман Штиль
514.93 536.04 5.18

Ерекше балаларды мерекемен құттықтады 

Кеше, 15:30 148 Төлеуғазы Жансая

Бүгін Жаңа жыл қарсаңындағы игі дәстүр бойынша «Гостиный двор» сауда кешенінде Шығыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ұжымы мүмкіндігі шектеулі балаларды құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа жылдық шырша мерекесіне арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы 50 бала мен олардың ата-аналары қатысты.

Шырша мерекесіне жиналған балаларды алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Динара Қожанова құттықтады.

-Жаңа жыл - армандар орындалатын, жақсылықтан үміт күтетін ғажайып мереке. Сіздерді басқарма ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймын. Зор денсаулық, қуаныш пен шаттық тілеймін. Келер жыл сіздер үшін мақсаттарыңыз жүзеге асатын, зор жетістіктерге қол жеткізетін, қуанышты сәттерге толы жыл болсын. Талаптарыңа нұр жауып, тың бастамаларыңызда сәттілік серік болсын!-деді Динара Қожанова.

Жаңа жылдық  шоу-бағдарламада Эльза, Аққала, Бұғы сияқты танымал ертегілер мен мульфильмдердің кейіпкерлері, Аяз Ата мен Ақшақар түрлі қойылымдар қойып, балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлады. Шырша маңында мерекелік ән мен би, қызықты ойындар ұйымдастырылды.

Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған балаларға Аяз Ата мен Ақшақар тәттілермен қоса бағалы сыйлықтар үлестірді.

-Бүгінгі шырша мерекесі балаларымызға ұнап жатыр. Осындай мерекеге алғаш рет келіп тұрмыз. Басқарманың атынан балаларымызға сыйлық сыйлап, қуантып жатыр. Осындай игілікті шаралар жиірек ұйымдастырылып тұрғаны жөн. Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген мұғалімдерге, көмекшілерге алғыс айтқым келеді. Жаңа жыл жаңа бақыт, қуаныш әкеле берсін!-деп ризашылығын білдірді Өскемен қаласының тұрғыны Құралай Құсманова.

Айта кетсек, жаңа жылдық шыршаға 18 жасқа дейінгі балаларға арналған Өскемен қаласындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балалары мен ата-аналары шақырылған.

Айжанат Бақытқызы

Видео: Евгений Щетников

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу