Ақтауда құлаған ұшақ бортында 72 адам болған
Ақтауда құлаған ұшақ бортында 72 адам болған. Ұшақ Әзербайжан әуе желілеріне тиесілі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі sputnik.kz порталына сілтеме жасап.
"Баку-Грозный бағытында рейс орындаған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан шамамен 3 шақырым қашықтықта шұғыл қонуға мәжбүр болды", - деп жазылған AzeSputnik телеграм арнасында.
Сондай-ақ, Sputnik Әзербайжанның мәліметінше, Бакуден Грозныйға бет алған AZAL әуе компаниясының ұшағы Каспий теңізі үстінде "SOS" дабылын берген. Ұшақ Қазақстанға бағытталып, Ақтау әуежайының аумағында апатқа ұшыраған. Алдын ала деректер бойынша, бортта 67 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апат салдарынан 25 адам ауруханаға жеткізілген.
Фото: Балтабаев
Видео: sputnik.kz
Оқи отырыңыз