KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Қазақстан білім сапасы бойынша төменгі сатыда – Ranking

20.01.2020, 06:37 161

Қазақстан білім саласы бойынша әлемдік рейтингінің төменгі сатысында, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Ranking.kz мәлімдеді. Сарапшылар  73 мемлекеттің білім саласын салыстырып байқаған. Рейтинг жаһандық сауалнама негізінде үш негізгі параметр бойынша жасалды:

мемлекеттік білім беру жүйесінің даму деңгейі;

ел тұрғындарының жоғары білім алуға байланысты жоспарлары;

мемлекеттің сапалы жоғары біліммен қамтамасыз ететініне елдің сенімі.

Қазақстан 73 елдің ішінде 70-інші орынға табан тіреді. Үздік бестікке АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Франция кірді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, балаларды тәрбиелеу көрсеткіші бойынша үздік елдер рейтингінде Қазақстан соңғы 73-ші орынды иеленді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу