KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Қазақстан ең төменгі жалақының өсуі бойынша әлемде соңғы орында – Ranking

17.01.2020, 05:54 181

Қазақстан ең төменгі жалақының өсу деңгейі бойынша әлем елдерінің ішінде соңғы орында тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Ranking.kz мәлімдеді. Сарапшылардың айтуынша, әлем елдеріндегі ең төменгі жалақы деңгейі әртүрлі. Дереккөздің мәлімдеуінше, Picodi.com порталы заңды түрде бекітілген 54 елдің ең төменгі жалақысына зерттеу жүргізген.

Ең төменгі жалақы мөлшерінің ең көп сомасы мына елдерде: Люксембург (1989 АҚШ доллары), Австралия (1923 АҚШ доллары), Ирландия (1743 АҚШ доллары). Үздік ондыққа Нидерланды, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Канада, Бельгия, Германия және Франция кірді. Қазақстандағы ең төменгі жалақы бар болғаны 98 АҚШ долларын шақ келді.

Осыдан кейін Ranking сарапшылары ең төменгі жалақы деңгейінің өсуі бойынша рейтинг жасады. ЕТЖ өсімі бойынша үздік 3 елдің қатарына Нигерия (жылына 64,8%) Әзірбайжан (37,7 %) және Аргентина (37,1 %) кірді.

АҚШ, Испания, Латвия сияқты кей елдерде ең төменгі жалақы 2019 жылдан бері өзгерген жоқ. Ал Қазақстан ең төменгі жалақы өсімінің рейтингінде соңғы, 54-ші орынға тұрақтады. 2020 жылы ең төменгі еңбекақы сомасы бұрынғыша қалды. Тіпті қызметкердің қолына алатын ақшасы сақтандыру жарнасының (ВОСМС) қайта енгізілуіне байланысты 1,1 пайызға азайды: 38250 емес 37825 теңге.

Ресейде өсім 7,5 пайыз, Арменияда - 25,2 пайыз, Беларусьте - 13,6 пайыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу